Біз туралы

«РосКазЛес» ЖШС компаниясы 2005 жылғы 8 қыркүйекте Алматы қаласында ағаш өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының өнімдерін жеткізу және көтерме-бөлшек сату мақсатында бірлескен ресей-қазақстан кәсіпорны ретінде құрылды. 2008 жылы компанияның иегерлерінің өзгеруіне байланысты қайта тіркеу және атауын «РосКазДрев» ЖШС атауына өзгерту жүзеге асырылды.

Кәсіпорын стратегиясы болып тұрақты даму, бәсекеге қабілеттілікті арттыру және бизнес тиімділігі табылады. Кәсіпорынның мінсіз беделі, тиімділігі мен қаржылық тұрақтылығы клиенттер мен серіктестер үшін сапа мен қауіпсіздіктің кепілі болып табылады.
Сенімділік, сапа — құрылыс материалдары нарығында алдыңғы позицияны ұстануға мүмкіндік берген РосКазДрев компаниясы жұмысының негізгі принциптері.

Компанияның басты капиталы — бұл онымен жұмыс жасайтын адамдар. Бүгінде «РосКазДрев» ЖШС — бұл кез келген қиындықтағы тапсырмаларды шешуге қабілетті білікті мамандардың ұйымшыл командасы.

«РосКазДрев» ЖШС «Илим ТимберИндастри ЖШҚ және «Красфан» компанияларының Қазақстан Республикасы аумағындағы ресми өкілі болып табылады, бұл тиісті сертификатпен, сонымен қатар Ресейдің бірқатар Ағаш өңдейтін Комбинаттарымен расталған.
«РосКазДрев» ЖШС-ның Астана, Алматы, Семей, Қарағанды, Павлодар, Ақтөбе, Ақтау, Атырау, Орал және Шымкент қалаларында 10 жұмыс істеп тұрған филиалдары бар.