«РосКазДрев»
Оптово-розничная реализация продукции
деревообрабатывающей промышленности

ЖАТ (жоңқалы ағаш тақта)

ЖАТ (жоңқалы ағаш тақта)

Код товара: 6

Габариті: 2750 * 830 мм

Қалыңдығы: 16 мм

Сұрып: 1

 

ЖАТ құндылықтары материалдың айтарлықтай қаттылығы және беріктігі, құрамының біркелкілігі болып келеді. ЖАТ тақтайлары жеңіл өңделеді, шегелер мен бұраншегелерді жақсы ұстап тұра алады.


Жоңқалы ағаш тақта (ЖАТ) бұл, ағаштың бөлшектерін және байланыстырушы заттарды ыстық пресстеу арқылы дайындалған, тақтайлы араланған материал. Байланыстырушы материалдар ретінде формальдегид, фенол-формальдегид және басқа да әртүрлі шайырларды қолданады.


ЖАТ тақтайлары әртүрлі салаларда қолданылады, және де қолдану орнына байланысты тақтайлар әртүрлі сипатқа ие болады. Тақтайлардың түрлері сан алуан болады, алайда пресстелу түріне, қолданған ағаш түріне, байланыстырушы материалына немесе қапталу түріне қарай группаларға бөлінеді.


ЖАТ - жиһаз өндіруде және үй-жайды әрлеуде қолдануда ең кең таралған материал, себебі сүрек және басқа да материалдардың алдында айқын артықшылықтарға ие. Заманауи технологиялар бара бара үлкен таңдаулар ұсынуда, соған орай ұсыныстар мен бағалардың алуан түрлігіне бейімделу қиын болып келеді.


Жоңқалы ағаш тақта– бұл формальдегидті немесе фенол-формальдегидті шайырмен жоңқаны ыстық пресстеу арқылы алынатын әрлеу материалы.


Технологиялық нормативтерге сәйкес, байланыстырушы заттар үлесі ағаш толтырма массасының 6-18%-ын құрайды. ЖАТ тақтайларының негізгі компоненттеріне жоңқалар, жаңқалар, егеуқұм және басқа да ағашөңдеу қалдықтары қолданылады.


Жоңқалы ағаш тақтайлар жоғары беріктікке, сенімділікке және тозутөзімділікке ие, сондықтан қабырғаны қаптауда және жиһазды,сөре және стеллаж өндіруде(ЖАТ жиһазы) қолданылады. Статистика бойынша, отандық жиһаздың 90%-ы дәл осы материалдан жасалады. Сондықтан, қазіргі таңда нарықта сан алуан әрлеу материалдары бар болғанымен, көптеген адамдар тегістелген ЖАТ-ны артық көретіне таңданудың қажеті жоқ.


Ламинатталған жоңқалы ағаш тақтайлар (ЛЖАТ)әдеттегідей және жоғары ылғалтөзімділік қасиеті бар , беткі қабаты жұқа ұсақталған үшқабатты жоңқалы тақтайдан өндіріледі.
Ішкі қабаты аса жүктеме жағдайында тақтайдың осал сынуына кедергі береді. Тақтайлар ламинаттау немесе қабаттау жақсартулары үшін тегістеледі. Ламинат әрлі көрінеді. Бұл жабын деформациялануға нық және өңдеуге жақсы беріледі.


Ламинатталған жоңқалы ағаш тақтайлар жиһаз өндіруде, әрлеу және құырыс жұмыстарында кең қолданылады.Сұрыптамасы сан алуан түстер мен құрылымдардың ауқымдарынан тұрады.
Ылғалтөзімді ЖАТ – соңғы уақытта ылғалдылығы жоғары үй-жайларда қолданылатын жиһаздарды өндіруде белсенді насихатталатын материал. Ылғалтөзімді ЛЖАТ дәстүрлі ламинатталған ЖАТ-ымен бірге тұрақты түрде қолдану аймағын кеңейтуде.

Компаниямыздың артықшылықтары

  • Делдалсыз жұмыс
    Ешқандай алдын ала төлем
  • Экологиялық таза
    материалдар
  • Жеткізу мерзімдерін
    нақты ұстану
  • Кәсіби қызметкерлер
    штаты
  • Нарықтағы
    оңтайлы баға

Біздің серіктестер

­Сделать заказ

Заполните формы ниже и мы
свяжемся с Вами в ближайшее
время