«РосКазДрев»
Оптово-розничная реализация продукции
деревообрабатывающей промышленности

Фанера әртүрлі ағаш түрлерінің кілекті жоңқаларының өзара желімденген тақтайларынан тұратын қатпарлы материал болып келеді.
 
Фанера ФСФ қайың, шамшат және қарағай жоңқаларын фенолформальдегидті жабысқақ шайырын қолдануымен жасалады. Соңғысы ылғалтөзімділік, механикалық беріктік және тозутөзімділік секілді өнімнің жоғары сапасын шарттайды. Бұндай қасиеттер ФСФ-ты құрылыста (төбе жабу немесе бетондық жұмыста), вагон жасауда, сонымен бірге автомобиль өндірісінде қолдануға мүмкіндік береді.
 
ФСФ жарылу және иілуге аса беріктікпен ерекшеленеді, айта кететіні температура мен ылғалдылықтың өзгерулерінде бұл ерекшеліктер өзгере қоймайды. Сонымен қатар, бұндай маркадағы тақтай жоғары ылғалтөзімділікке ие болуына байланысты, сыртқы әрлеуде кең қолданыла алады. Өңделуіне келетін болсақ, фанера өте жақсы араланады, бұрғыланады және шегелер мен бұрама шегелермен бекітіледі. Осының барлығы жиналғанда оны құрылыс пен өндірістің алуан түрлерінде қолдануға мүмкіндік береді. 
 

 

Фанера сұрыптарының сипаттамалары:

 

 

1.  Ағаш сүрегінің ақауы немесе өңдеудегі үштен аспайтын кемшілік рұқсат беріледі, мысалы: 

Жоңқаны кем шығуы, фанераны тегістеу және кесу кезінде 2 мм аспайтын кемшілік;

Диаметрі 15мм аспайтын түйреуіш, сау, қосыла өскен, ақшыл және қошқыл бұтанақ, жартылай қосыла өскен, төгіліп жатқан бұтанақ, оның саңылаулары, диаметрі 6 мм аспайтын құрт желінген жерлер, әр 1м2-қа 3 данадан аспайтын; 

Қайқаю;

Ұзындығы 200мм аспайтын жарықтар;

 

2. Ағаш сүрегінің ақауы немесе өңдеудегі алтыдан аспайтын кемшілік рұқсат беріледі, мысалы:

Диаметрі 25мм аспайтын сау, қосылып өскен, ақшыл немесе қошқыл бұтанақтар;

Әр 1 м2-қа  диаметрі 6 мм аспайтын жартылай қоса өскен, қоса өспей қалған, түсіп жатқан бұтанақтар,олардың саңылаулары, құр желінген жерлері; 

Ұзындығы 200мм аспайтын жарықтар;

Ұзындығы 100мм аспайтын сыртқы қабатындағы жоңқа жабыны;

Ұзындығы 4 мм аспайтын жиектегі жоңқаны кем шығуы;

•Желім лентасының болуы, 2%-дан аспайтын желімнің ағып шығуы, сызат, майысу, 5%-дан аспайтын талшық жылымдары;

Сүрек қоспалары;

 

3. Ағаш сүрегінің ақауы немесе өңдеудегі тоғыздан аспайтын кемшілік рұқсат беріледі, мысалы:

Түйреуіш бұтанақтар, сау бұтанақтар, диаметрінің шектелуісіз, жартылай қоса өскен,қоса өспеген, түсіп жатқан бұтанақтар, олардың саңылаулары, диаметрі 6мм ден аспайтын құрт желінген жерлері, әр 1м2 10 данадан; 

Ұзындығы 300мм –ден аспайтын тарқалған жарық;

Ұзындығы 200мм аспайтын сыртқы қабатындағы жоңқа жабыны.;

200 мм аспайтын жиектегі жоңқаны кем шығуы;

5%-дан аспайтын желімнің көрінуі;

15%-дан аспайтын талшық жұлымдары;

Ені 2мм аспайтын қосылыстардағы жұлым;

Шексіз сүреу қосындылары;

 

Жоңқа талшықтары ұзына бойы бағытталуына байланысты, тақтайдың аса берік болуына қол жетіледі. Соған орай – төзімділік, соққыға төзімділік, салмаққа орнықтылық секілді қасиеттері бар. Фанераның арнайы қабыршақпен қапталуы және кесілген жерлерінің су өткізбейтін бояумен өңделуі - ылғалтөзімділік пен тозутөзімділікті қамтамасыз етеді. Бұл оны кез-келген ауа-райында қолдануға, сонымен бірге тазартқыш құралдармен оңай тазалауға мүмкіндік береді. Дұрыс сақтау, пайдалану шарттары, монтаж және араланғаннан кейін тақтай жиектерінің мұқият өңделуі кез-келген ауа-райында(ылғалды жерде ісінусіз)  ұзақ мерзім пайдалануға кепілдік береді.
 

Қылқанды фанераның негізгі қолдану аймақтары:

 

Аз қабатты үй соғу;

Жиһаз жасау өндірісі;

Ішкі әрлеу жұмыстары; 

Құрылмалық материалдар;

Құрылыс;

Автомобиль құру;

Қаптау және т.с.с;

Преимущества хвойной фанеры :

Ағаш сүрегінің көркем текстурасы;

Аз салмақты болғанымен берік болуы;

Аза жоғары ылғалтөзімді болуы;

Оңай өңделуі мен жылдам монтаждалуы;

Басқа материалдармен құрамдастыру мүмкіндігі;

 

Қылқанды фанераның сырт келбеті қайыңды фанераға ұқсағанымен бағасы төмен болып келеді. Бұл, қылқанды фанераның қайың мен қылқан жоңқаларының кезектес қабаттарынан жасалуына байланысты. Қылқанды фанера беріктігі қайыңды фанера беріктігінен болмашы ғана жеңіледі. Сондықтан, қайыңды фанера қолданылатын барлық жерде қылқанды фанера да қолданыла береді.

 

Эмиссия классы.

 

Бүгінгі таңда материалдардың экологиясына жоғары зейін бөлінуіне байланысты, фанераның эмиссия классы ерекше маңызға ие болды. Негізінде, бұл фанера тақтайларындағы формальдегидтердің эмиссия классы жайлы айтылады. Бұл көрсеткіш тек тақтайлар арасындағы формальдегидті желім қабаттары қолданылатын фанера түрлеріне жатады.

Е1 эмиссия классты фанерасында қалыпты ылғалдылықта әрбір 100 гр фанерада 10 мл-ден формальдегид аз болады. Е2 эмиссия классында формальдегид 10-нан 30 мг-ға дейін болуы мүмкін. Қазіргі таңда Е1 классты фанера адамға қауіп төндірмейтін болғандықтан, оны ғимараттардың ішкі жұмыстарында қолдануға болады.

 

ФСФ фанера: артықшылықтары, қолдану аймақтары.

 

Ылғалтөзімді ФСФ фанера ең кең қолданылатын ылғалтөзімді құрылыс материалы.  Фанераның бұл түрі құрылыста да, әрлеу жұмыстарында да кең қолданылады. Әдетте ылғалтөзімді фанера келесі екі топқа бөлінеді – су жұқпайтын ылғалтөзімді ФК және ылғалтөзімді ФСФ.

Фанера ФК  жоңқа тақтайларын карбомидті желіммен жекелеп желімдеуден жасалады. Ал ФСФ фанерасын жасауда фенолформальдегидті шайырдан шығатын арнайы  сіңдіру қолданылады. Бұндай шайырлар фанера ФСФ-ке жоғары ылғалтөзімділік береді.

Ылғалтөзімді ФСФ фанера тамаша механикалық және эксплуатациялық көрсеткіштермен ерекшеленеді. Соған орай, оны паркет және шатыр жұмыстарында ішкі және сыртқы әрлеуде өте оңды құрастырымдық материал ретінде, сонымен бірге жиһаз және жәшік жасауда қолдануға болады.

Бұл материалдың тағы бір ерекше қасиеті агрессивті орта әсеріне төзімділігі, оны ұзақ уақыт пайдалануға себептес болады.

ФСФ фанер ылғалтөзімділігіне Е1 классы берілген.Бұл осы материалдың түрі экологиялық таза материал болуы, тек құрылыс және әрлеу жұмыстарында ғана емес, сонымен бірге тамақ өнімдерін сақтауда және тасымалдауда қолдануға болатын көрсеткіші.

ФСФ фанерасы аса жоғары тозутөзімділігімен ерекшеленеді. Сондықтан бұл материалдан маңдайша жазу, жарнама тақтайын және т.с.с жасалады.

ФСФ фанераның қосымша артықшылығы оның иілгіштігі және тақтайдың үлкен көлемі болып келеді. Осыған орай бұл материал желімденген және иілген бұйымдар жасауда кең қолданылады. 

ФСФ фанераның көптеген көрсеткіштері ағаш сүрегінің ауқымына ұқсас болады. Бірақ оған қарағанда, фанера жарылуға ұшырағыш емес,  ол қисаймайды, оңай өңделеді.

Фанера құрылыстағы ең ұнамды материал,себебі ол біршама төзімді, мықты материал . Фанера құрылымы бойынша әлдеқайда тұрақты және пішіннің өзгеруі мен отыруына шыдамды.Сонымен қатар, ол OSB- ға қарағанда ылғал әсеріне неғұрлым шыдамды болып келеді.

 

Компаниямыздың артықшылықтары

  • Делдалсыз жұмыс
    Ешқандай алдын ала төлем
  • Экологиялық таза
    материалдар
  • Жеткізу мерзімдерін
    нақты ұстану
  • Кәсіби қызметкерлер
    штаты
  • Нарықтағы
    оңтайлы баға

Біздің серіктестер

­Сделать заказ

Заполните формы ниже и мы
свяжемся с Вами в ближайшее
время